Шерзат Полат ісі: сотталғандар кассациялық сотқа жүгінді

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотталғандар кассациялық сотқа шағым түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды сұраған.

Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2024 жылдың 3-інен 4-іне қараған түні Талғар қаласында Шерзат Полат қаза тапқан. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кең таралған.

Тергеу барысында 40-тан астам сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс тоғыз адамға қатысты қозғалды.

Сот үкімі бойынша айыпталушылар 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ең ауыр жаза Абзал Шынасылға тағайындалып, ол 23 жылға сотталды. Ал Тоқтаубаев 15 жылға, Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылған.