Концертті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сананы арттыру. Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлім бастығы, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызының айтуынша, жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ге жуық құқықбұзушылық анықталған.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ