Боксшы Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында таиландтық Бунжонг Синсиримен жұдырықтасты.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өте алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында таиландтық Бунжонг Синсиримен жұдырықтасты. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша Таиланд өкілі төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ертуған Зейнуллинов Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) және Валентина Хальзова (75 келіге дейін) үшінші орын алған еді.