Сағындық Тоғамбай қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, құрлықтық біріншіліктің ширек финалында жеңіске жетті.

1/4 финалда ол Қытай өкілі Ханя Сюэчженьді 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша Сағындық Тоғамбай кем дегенде қола жүлдені өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, бүгін, 5 сәуірде жартылай финалға Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) та шықты.