Ғылым һәм өндіріс: саланың жайы қандай?

Кейінгі жылдары Қазақстанда ғылымды дамытуға бағытталған бастамалар жиілеп, университеттер зерттеу орталықтарына айнала бастады.

Соның ішінде Nazarbayev University – ғылыми жобалардың ауқымы мен сапасы жағынан көш бастап тұрған оқу орындарының бірі. Мұнда жүзеге асырылып жатқан зерттеулердің саны да, тақырыптық қамтуы да кең. Алайда осы әлеуеттің бәрі бірдей нақты өндіріс пен экономикаға әсер етіп жатыр ма? Бұл – бүгінгі күннің өзекті сауалы. 

Бес жыл ішінде уни­­вер­ситет Қазақс­тан­ның өзге жоғары оқу орын­дары­мен ғы­лы­ми әріптестікті ны­ғай­туға ба­ғыт­талған Бірлескен зерт­теулер бағдарламасы (CRP) ая­сында 66 жобаны қар­жы­лан­дыр­ған. Бұл бағдарлама пә­нара­лық зерттеу­лер­ге басымдық бе­ріп, жаңа ғы­­­­лыми бағыттардың қа­лып­та­суы­на және зерттеу са­па­сының ар­­туына ықпал етіп отыр.

Сонымен қатар профессор-оқы­тушылар құрамын қолдауға арналған конкурстық зерттеу гранттары бағдарламасы (FDCRGP) арқылы 159 ғылыми жо­баға қолдау көрсетілген. Бұл бас­тама іргелі және қолданбалы ғы­лымды қатар дамытуға бағыт­талған. Ең маңыздысы, ғылыми мансаптың барлық кезеңіндегі зерттеушілерге, яғни жас ғалым­дардан бастап тәжірибелі про­фес­сорларға дейін тең мүмкіндік берілген.

Жобалардың тақырыптық ая­сы да кең: биомедицина, жаңа ма­териалдар, энергия техно­ло­гия­лары, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, астрофизика, білім беру, тұрақты даму, мінез-құ­лық экономикасы, мем­ле­кет­тік саясатты талдау, меди­ци­на­лық робототехника. Мұндай әр­тараптандыру ғылыми эко­жүйе­нің қалыптасып келе жат­қа­нын көрсетеді.

Жекелеген мысалдарды жақ­сы нәтиже дей аламыз ба? 

Бірден ауызды қу шөппен сүртпейік. Университет ғы­лыми әзірлемелерді өндіріс са­ласына енгізу бағытында  бір­қатар нәтижеге қол жеткізгенін атап өту абзал. Өнеркәсіптік ком­паниялардың бастамасымен жүзеге асқан 30-ға жуық жоба өндірістік үдеріске енгізілген.

Мәселен, «Самұрық-Энер­го» компаниясымен бірлесіп, Екі­бастұз көмірін тиімді жағу жә­не жылу электр станса­ла­рын­да кө­мір­қышқыл газын ұстау тех­но­логиялары әзірленген. Бұл ше­шім­­дер энергия тиімділігін арт­­­­­­тырып қана қоймай, эколо­гия­­­лық жүктемені азайтуға мүм­кін­­­дік береді. Мұнай-газ сек­то­рын­­­да құбыр жүйелерін мо­­­­­­­­­­дель­­деу, коррозияны зерттеу және алдын алу бойынша жо­ба­лар жүзеге асқан. Бұл инф­ра­құры­лымның сенімділігін арт­ты­рып, шығындарды азайтуға ықпал етеді.

«Самұрық-Қазына» қоры­ның «Самғау» платформасы ар­қылы мұнай қабаттарының өнім­ділігін арттыру және ұңғы­ма­ларды уақытша тоқтату тех­но­логияларын жетілдіру жоба­лары іске асырылуда.

Металлургияда өндірістік қал­дықтарды қайта өңдеу, сирек ме­талдарды бөліп алу бағытын­дағы зерттеулер де назар аудар­та­ды. Сонымен қатар цифр­лан­дыру саласында КАМАЗ және ВИСТ Азиямен бірге жүргізу­ші­сіз көлік алгоритмдері әзірлен­ген.

Бірақ осының бәрі жекелеген мы­салдар ғана. Жалпы, ғылыми жо­балардың ауқымымен салыс­тыр­ғанда, өндірісте нақты қол­да­нылып жатқан жобалар саны әлі де шектеулі.

Университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан жоба­лар­дың мазмұнына қарасақ, олар­­дың көпшілігі әлемдік дең­гейдегі технологиялық тренд­тер­ге сай.

Профессор Жұмабай Бәке­нов жетекшілік ететін топ ли­тий-ионды батареялар өндірісін жолға қоюға кіріскен. Бұл жоба Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие. Сондай-ақ күн мен жел энергиясына негізделген «жа­сыл сутегі» өндіру қондырғы­сы әзірленген. Бұл – болашақ энергетиканың негізі саналатын бағыт.

Қатерлі ісік жасушаларын анық­­тайтын арзан әрі дәл құ­рыл­ғы, инсульттан кейінгі нау­қас­­тарға арналған A.GEAR эк­зос­келеті, аутизмі бар балаларды оңал­туға арналған роботтық те­рапия, спортшыларға арнал­ған «ақылды» ұлтарақтар – мұ­ның бәрі нақты нарықтық сұра­нысы бар жобалар.

Алайда осы жобалардың қан­шасы нақты өндірістік цикл­ға еніп, тұрақты өнімге айналып жатыр?

Негізгі түйткіл –  ғылым мен өндіріс арасының алшақтығы 

Nazarbayev University өнер­­кәсіптік серіктес­тік бағытында белсенді жұмыс жүр­гізіп келеді. Университет жа­­нынан индустриялық коми­тет­тер құрылып, ірі ком­па­ния­лар­мен технологиялық сес­сия­лар өткізіледі. ERG, Қа­­­затомпром, QazaqGaz секілді алпауыттармен диа­лог орнатылған. Дегенмен әріптестік көбіне қысқамерзімді жо­­балармен шектеледі. Ал ұза­қ­мерзімді, жүйелі ынтымақтастық жеткіліксіз.

Сарапшылардың айтуынша, Қа­зақстанда университеттер әлі де көбіне кадр даярлаушы рөлін­де қалып отыр. Ал инновация жа­сау және оны нарыққа шы­ғару процесінде олардың рөлі шектеулі.

Зияткерлік меншік саласын­дағы тәжірибе де осыны көрсе­теді. Көп жағдайда ғылыми нә­ти­желер патенттелгенімен, олар экономикалық өнімге айнал­май­ды. Себебі бизнес «дайын па­тентті» емес, нақты мәселені ше­шетін қолданбалы техноло­гия­ны қажет етеді. Яғни, ғылым кө­біне «ұсынады», ал өндіріс «сұ­рамайды». Нәтижесінде, екі тарап­тың арасында алшақтық пай­да болады.

Нарыққа шығудың  жолы қандай? 

Қазіргі инновациялық мо­дель көбіне пассивті лицензия­лау­ға сүйенеді. Бірақ халықара­лық тәжірибе көрсеткендей, тиім­ді модель – келісімшарттық зерт­теулер. Бұл жағдайда бизнес нақ­ты міндет қойып, оны қар­жы­ландырады.

Жаңа Салық кодексінде ғы­лымды қаржыландыратын кә­сіп­орындарға 300%-ға дейін са­лықтық шегерім қарас­тырыл­ғаны да осы байланысты күшей­туге бағытталған. Алайда бұл мүмкіндіктер әлі толық пайда­ланы­лып отырған жоқ.

NU-дың даму кеңсесінің бас­шысы Динара Бердыханова уни­верситетті инновациялық сая­саттың пилоттық алаңына ай­нал­дыру қажет деген ұсыныс ай­тады. Оның айтуынша, зият­керлік меншікті жеке өнім ре­тінде емес, серіктестікті дамы­тудың құралы ретінде қарастыру керек.

«Мысалы, бұл тараптардың үлес­теріне сәйкес зияткерлік мен­шік құқықтарын бөлудің са­раланған модельдерін әзірлеуді жә­не енгізуді қамтуы мүмкін. Со­нымен қатар индустрия сұра­нысына бағытталған жобалар порт­фелін қалыптастыру; ғы­лым мен өндіріс арасындағы бай­ланысты күшейтетін алаң­дар­ды дамыту (салалық форум­дар, жұ­мыс топтары, сарапта­ма­лық кез­­десулер, бейресми нет­­­­вор­кинг форматтары). Осын­дай бас­тамалар өнер­кәсіп­тік серік­тестермен тиімді ық­пал­дастықты қалыптастыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға берік негіз бола алады», – дейді ол.  

Бүгінде Nazarbayev University ғылыми жо­ба­­лар­дың саны мен са­­па­сы жағынан ел­дегі же­тек­ші орталық­тардың бірі екені анық. Уни­вер­ситетте идея да бар, кадр да бар, инф­ра­құрылым да қалып­тасқан.

Бірақ басты мә­селе – осы әлеует­­­тің эко­номикаға то­лық жұмыс іс­темеуінде. Ғылым мен өндіріс ара­сындағы байланысты кү­шейтпейінше, зертханалардағы жаңалықтар өндіріс цехтарына жете алмайды. Ал бұл өз кезе­гін­де елдің технологиялық тәуел­сіз­дігі мен инновациялық да­муын тежейді.

Қазақстан үшін ендігі мін-дет – ғылымды қаржыландыру ғана емес, оны жандандыру, яғ­ни нақты экономикалық нәтиже беретін жүйеге айналдыру.

Айгүл СЕЙІЛ