Ақмола облысы Атбасар ауданының Шуйское ауылында ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған өрт сөндіру пункті ашылды. Енді құрамына Шуйское және Макеевка ауылдары кіретін, жалпы саны 840-тан астам тұрғыны бар ауылдық округ өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратын болады, қызмет атқаруға барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖМ пунктті өрт-техникалық жабдықтармен, автоцистернамен, арнайы жауынгерлік киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.
Өрт сөндіру пункті жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен құрылды. Сонымен қатар оны одан әрі ұстау «Шуйское-ХХІ» ЖШС шаруа қожалығының қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Бұл – бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігінің және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің нақты көрінісі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.