Отбасы – ұлттық құндылықтар ордасы

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы» тақырыбында жастармен мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық тәрбие негіздерін кеңінен насихаттау болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жиын – қоғамның іргетасы саналатын отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды қадамның бірі.

Кездесуге қалалық және аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Гүлмира Мырзалиева мен Ғалымжан Нұсқабай қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар отбасының қоғамдағы орны, берекелі шаңырақ қалыптастырудың маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы әсерлі әңгімелер айтып, жастарға құнды кеңестерін жеткізді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесінде дәстүр сабақтастығын жалғастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Жиын барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Қаты­сушылар отбасыдағы өзара түсіністік, се­нім, жауапкершілік сияқты құндылық­тар­дың маңызы жөнінде ой бөлісіп, өмір­лік тәжірибеден мысалдар келтірді.Мұн­дай тағылымды кездесулер жасөс­пірім­дер­дің бойында адамгершілік қа­сиеттерді қалыптастырып, отбасыға деген құрметті арттыруға, сондай-ақ саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ететіні анық. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ