«20 жылдан кейін оралдық...»: Ләйлә Сұлтанқызы талантты жастарды іздеп жатыр (видео)

Талантты жастарды бағын сынап көруге шақырды.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде тыңдарман қауымға жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол 20 жылдан кейін Superstarkz жобасы жарық көрейін деп жатқанын айттын. Сонымен қатар талантты жастарды бағын сынап көруге шақырды.

«Жастар естімей қалмасын, бөлісіңіз. Араға 20 жыл салып, қайта оралдық. @superstarkz__ таланттылардың жұлдызын жағуға дайын! Жобаға қатысу үшін 16-25 жас аралығындағы өнерге құштар кез келген азамат өтінім бере алады. Офлайн кастинг 2026 жылғы 4-26 сәуір аралығында Қазақстанның 9 ірі қаласында өтеді. Біз сіздерді күтеміз», - деп жазды тележүргізуші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.