Қазақстанда пилотсыз автомобильдер жобасы іске қосылады

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Жаслан Мәдиевтің мәліметінше, Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарлануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың ІІ тоқсаны.

Елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасуда. Жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.