Ираннан эвакуациялау жалғасуда

Бір айдан астам уақыт соғыс болып жатқан Иран­нан шетелдіктерді эвакуациялау әлі жалғасып жатыр. 28 ақпаннан 30 наурызға дейін Иран­нан Әзербайжан арқылы 3 094 шетелдік азамат эвакуацияланған. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар.

Соғыс болып жатқан елден шетел­діктерді эвакуациялау бірнеше бағытта ұйымдастырылып жатыр. Құрлық арқылы эвакуациялау Әзербайжан, Армения және аталған елдер арқылы құрлықпен 66 азаматын эвакуациялаған. Соның ішінде Әзербайжан жерімен Ираннан шыққан отандастарымыздың саны – 12 адам. Өзгесі Түрікменстан және Армения арқылы елге оралды. Одан бөлек, Қазақ­стан Таяу Шығыс елдерінен 10 275 аза­ма­тымызды эвакуциялаған еді. Азамат­тарды қақтығыс аймағынан шығарып алудың белсенді фазасы 14 наурызда аяқталған болатын. 

Ал Әзербайжан Республикасы аумағы арқылы Ираннан эвакуацияланған адамдар арасында Қытайдың 728, Ресейдің 354, Бангладештің 198, Тәжікстанның 187, Пәкістанның 148, Үндістанның 196, Оманның 80, Индонезияның 68, Италияның 44, Алжирдің 30, Испанның 26, Германияның 24, Канаданың 25 азаматы бар. Олардан бөлек, Иранның азаматтары да елден шығып кеткен. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Жапония, Грузия, Өзбекстан, Польша мен Швейцария, Нигерия, Мажарстан, Бахрейн, Мексика мен АҚШ, Ұлыбри­тания қатарлы көптеген елдің азаматтары да Оңтүстік Кавказ арқылы соғыс болып жатқан Иран аумағынан шығып кеткен. Ал Әзербайжан Ираннан өзінің 536 аза­матын эвакуациялапты.

Арда БЕКЖАН