SCAT әуе компаниясы жаңа ұшу рейстерін іске қосады

26 мамырдан бастап жолаушылар Қарағанды мен Шымкент арасында тікелей жаңа бағытты пайдалана алады. Билеттер сатылымға шығарылды.

SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сейсенбі күндері Қарағандыдан ұшу уақыты сағат 09:00-ге жоспарланған, ал бейсенбіде — сағат 23:00-де. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 15 минутты құрайды. Жолаушыларды Boeing 737 әуекемесі тасымалдайды.

Билеттердің бағасы 27 463 теңгеден басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.