Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады.
Ол бұған дейін Милан Олимпиадасына қатысып, ТОП-10-ға кірген болатын.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы): 1-орын.Каори Сакамото (Жапония) - 79.31 ұпай
2-орын. Моне Чибэ (Жапония) - 78.45 ұпай
3. Эмбер Гленн (АҚШ) - 72.65 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 66.95 ұпай
Шешуші еркін бағдарлама 27 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина былтыр АҚШ-тағы жаһандық додада 14-орынға тұрақтаған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.