Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова концертіне келген көрерменіне тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жасы сексеннен асқан көрерменіне қолындағы алтын сақинасын тақты.
"Шығыс Қазақстаннан келдіңіз бе? Жасыңыз 85-те ме? Осы концерттен кейін жүгіріп кетіңіз. Мына қолымдағы сақинамды шешіп берейін", - дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің жомарттығына риза болып, таңғалысын жасырмады.
"Жүрегі кең ғой шіркін", "Қазақтың ерке қызы", "Халқының қызы міне осындай болады", - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.