Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйелді құтқарды

Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақты қамтыды. 

Орал қаласындағы Украинская көшесі бойында шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау барысында үй ішінен 1974 жылы туған әйелді тауып, оны далаға алып шықты.

Сондай-ақ құтқарушылар бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, көрші үй қызыл жалыннан аман қалды.

Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақты қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарылған әйелді медицина қызметкерлері тексеріп, ауруханаға жатқызу қажет емес екенін анықтады.