"Жауын жауып, қатты жел соғады": 25 наурызға ауа райы болжамы

Астанада тұман, жолдарда көктайғақ болады.

25 наурызда Қазақстанда ауа райы күрт бұзылып, ел бойынша жауын-шашын тұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше,  Астанада тұман, жолдарда көктайғақ болады. Алматыда үлкен және кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Шымкент желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін болады.

Түркістан облысы солтүстігінде шаңды дауыл жел секундына 15–20 метр, күндіз екпіні 23 м/с дейін тұрады. Ақмола облысы  өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман, жолдарда көктайғақболады. Ұлытау облысында солтүстігі мен шығысында тұманбасады. 

Маңғыстау облысы жаңбыр, найзағай, тұман және шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысы тұман басады. Атырау облысысолтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай тұрады. Жетісу облысы солтүстігінде және таулы аудандарда тұман басады. Абай облысы солтүстігі мен орталығында тұман басады. 

Жамбыл облысы оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман басады.  Шығыс Қазақстан облысы солтүстігі мен шығысында тұман басады. Батыс Қазақстан облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұманбасып, жел тұрады. 

Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы  оңтүстігі мен батысында тұман басады.