Димаш Құдайбергеннің әні Польша чартында бір жыл бойы көш бастап, рекорд орнатты

Оның «Love’s Not Over Yet» композициясы Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта бойы бірінші орында тұр.

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» композициясы Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта бойы бірінші орында тұр. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Осы кезең ішінде композиция бір рет қана өз орнын уақытша жоғалтқан. Онда да бір аптаға екінші орынға түсіп, кейін қайта рейтингтің жоғарғы сатысына оралған. Чарттың шыңында ұзақ уақыт бойы тұрақтауы сәтті туынды болуынан ғана емес, сонымен қатар польша тыңдармандары тарапынан көрсетілген айрықша қолдауын көрсетеді. 

Хит-парад архивіндегі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген атау «1. Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта» деп аударылады. Бұл композицияның рейтингтің ең жоғары сатысында рекордтық мерзім бойы тұрғанын дәлелдейді. 

Еске сала кетейік, былтыр Түркістанда ол атқарушы продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталып, халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған.