Жанболат пен Жазира әріптестері Кенжебек Жанәбіловпен құда болды

Жанәбіловтің жаңа құдаларын өз шаңырағында күтіп алды

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлының қалыңдығына сырға салып, өнердегі әріптесі Кенжебек Жанәбіловпен ресми түрде құда болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазған. 

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардан Жанәбіловтің жаңа құдаларын өз шаңырағында күтіп алып, қызға сырға салғанын байқауға болады.

– Асылы келініміздің сырғасы салынды. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше, жүрекке жылы күн болды. Көңіліміз толқып, қуаныштан көзімізге жас келді. Аллаға сансыз шүкір,

Жастарымыздың бақыты баянды, шаңырақтары берекелі болсын!, – деп жазды ол парақшасында.

Бұл тойға қатысты эстрада жұлдызы өз оқырмандарымен жазбада бөлісті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)