АҚШ Әділет министрлігі Гарвард университетіне қарсы сотқа талап-арыз берді – деп хабарлайды Aikyn.kz
The Washington Post мәліметінше, билік оқу орны еврей және израильдік студенттерді жеткілікті деңгейде қорғай алмады деп есептейді.
Талап арызда 2023 жылғы оқиғалардан кейін университетте еврей студенттеріне қысым күшейгені айтылған. Кейбір студенттер оқу ғимараттарына кіре алмаған, өздерін қауіпсіз сезінбеген және діни белгілерін жасыруға мәжбүр болғаны көрсетілген. АҚШ билігі Гарвардты азаматтық құқықтарды бұзды деп айыптап отыр.
Өз кезегінде Гарвард бұл айыптарды жоққа шығарып, университетте кемсітушілікке қарсы шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Бұл іс АҚШ үкіметі мен университет арасындағы шиеленісті күшейтіп, қаржыландыру мәселесіне де әсер етуі мүмкін