Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи америкалық-израильдік шабуылдардан басталған соғысты тоқтату үшін өз талаптарын жариялады. Ол атысты тоқтату тек белгілі шарттар орындалған жағдайда ғана мүмкін екенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, кез келген келісімде Иранға қарсы болашақ шабуылдардың болмайтынына кепілдік берілуі және соғыс барысында келтірілген шығын үшін өтемақы төленуі тиіс. Сонымен қатар ол қазіргі жағдайда атысты тоқтату ұсыныстарын қабылдамайтынын айтты.
Аракчи бұл соғысты «Иранға таңылған соғыс» деп атап, елдің әрекеттері өзін-өзі қорғау екенін жеткізді. Оның сөзінше, жауап шаралары қажет болғанша жалғаса береді. Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы толық жабылмағанын, тек Иранға шабуыл жасаған елдерге қатысты шектеулер енгізілгенін айтты.