Мемлекет басшысы Алматыда бір топ ғалым, ғылыми қауымдастықпен кездесу кезінде келешек ұрпақ жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы,-деді.