Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры «27 наурыз - Халықаралық театр күні» мерекесіне орай, 21-27 наурыз күндері аралығында дәстүрлі «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруін ұсынады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған шара елорда көрермендерін театр өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шеру аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына 2025 жылдың наурыз айы мен 2026 жылдың наурыз айы аралығында жарық көрген премьералар көрсетіледі.
Атап айтқанда, Ж.Әлікеннің «Жүрек сыры. Махаббатым сен...» драмасы, Б.Брехттің «Шеңбер» драмасы, Ә.Кекілбаевтың «Күй» драмасы, Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының негізі бойынша қойылған «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы, У.Шекспирдің синема-эпос жанрында сахналанған «Romeo & Juliet» спектаклі, Д.Исабековтың «Қазақи комедия немесе Бонапарттың үйленуі» комедиясы және М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасы.
Арнайы театр сарапшылары әр спектакльге кәсіби талдау жүргізіп, үздіктерді анықтайды. Сонымен қатар, көрермендер театр фойесінде ұсынылатын арнайы сауалнама арқылы өз таңдауларын жасай алады.
Қатысушылар cарапшылар шешімімен «Үздік актер», «Үздік актриса», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Театр тарланы», «Үміт» номинацияларымен және көрермен таңдауы бойынша «Үздік Актер», «Үздік Актриса» «Үздік спектакль» сынды номинациялармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Спектакльдер шеруінің қорытындысы 27 наурыз күні мерекелік
«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің мақсаты - театрдың шығармашылық байланысын нығайту және театр мәдениетінің өзара іс-әрекетін ұжымдық бағытта жандандыруға ықпал ету; Соңғы жылдары жарық көрген премьераларды кеңінен насихаттап, сахна мәртебесін жоғары деңгейге көтеру, театрдың қоғамдағы орны мен адамзаттың рухани өсіп өнуіне тигізер ықпалын ұжым алдында зерттеу, зерделеу болып табылады.
Актерлік өнердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып, өркендеп өсуіне ықпал ету; театр өнерінің түрлері мен жанрларындағы үздік жұмыстарды анықтау және қолдау; заманауи театр үрдісінің негізгі тенденцияларын анықтау және театр өнерінің классикалық және заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту; елорда көрермендерін Қаллеки театр өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.