Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
«Әйел адам сатқындықты кешіруі мүмкін, бірақ оны ешқашан ұмытпайды», — деп жазды әнші.
Жақында күйеуімен ажырасқанын айтқан әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларын алаңдатып қойды.
Өнер иесі қазір шығармашылыққа көңіл бөліп жатқанын айтты. Сонымен қатар өзіне қолдау білдіріп жатқанын көрерменге алғыс білдірді.
«Жылы сөздеріңіз үшін рақмет, бәрі жақсы, шүкір. Бұл ән – ішкі сезімімнің көрінісі. Мен алғаш рет бұл сезімдерді көпшілік алдында сезінуге өзіме рұқсат бердім. Енді жыламаймын деп уәде беремін. Жақында бірге билейміз. Сіздерге көп жаңа ән сыйлауға уәде беремін, таңғалдыруға, шабыттандыруға, әндерім арқылы емдеуге, махаббат пен жылулық сыйлауға тырысамын. Себебі мұның бәрін сіздерден аламын. Сіздердің махаббаттарыңызды еселеп қайтарғым келеді», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.