Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Прези­денті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық ре­фе­рен­­­дум­­ның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конс­титуциясы қабылдануымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынты­мақ­­тастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перс­пек­тива­сын, әсіре­се, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпал­дас­­­­­тықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақ­мер­­зімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бей­біт­­ші­­лік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси ше­­­шімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.

Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қо­сылу тура­­лы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шы­ғыста бей­бітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі бол­мақ.