Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан атынан кімдер өнер көрсететіні белгілі болды

Әлем біріншілігі 25-29 наурыз аралығында өтеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтетін әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлем біріншілігі 25-29 наурыз аралығында өтеді.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметіне сәйкес, чемпионатқа қатысушылар тізіміне Қазақстан құрамасынан екі спортшы енген.

Аталған турнирде Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев бақ сынайды.

Алдағы әлем чемпионатын Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өткізіп алады. Спортшы тығыз жарыс кестесінен кейін қалыпқа келуге уақыт бөлуді жөн көрген.