Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол алғаш рет әже атанып, немересінің дүниеге келгенін сүйіншіледі.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуана қабылдап, ақ тілегін жаудырды.
"Құралай, немереңіздің бауы берік болсын! Құттықтаймыз!", "Бақытты қыз болып өссін!", "Заманбек атасының шөбересі ғой!", "Сізге әже болған жарасады, құтты болсын!" – деп жазды оқырмандар.