«600 мың дозаға тең»: Ақмолада әке мен бала жасырын есірткі дайындап келген

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әкесі баласын заңсыз іске тартып, оған синтетикалық есірткі дайындау тәсілдерін үйреткен.

Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын нарколабораторияны әшкереледіі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Операция барысында 53 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әкесі баласын заңсыз іске тартып, оған синтетикалық есірткі дайындау тәсілдерін үйреткен.

Тінту кезінде 200 келі «мефедрон», 2 тоннадан астам прекурсор, сондай-ақ реакторлар мен арнайы колбалар тәркіленді. Мамандардың есебінше, бұл шамамен 600 мың дозаға тең.

Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 миллион АҚШ долларынан асады (5 миллиард теңгеден жоғары). Сонымен қатар прекурсорлардың бір бөлігі еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіліп отырғаны анықталды.