Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина мамандықтар классификаторын қайта қарауды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ол «Референдум – 2026» республикалық онлайн-марафонында айтты.
«Мамандарды белгілі бір нарық үшін дайындайды. Нарықта қандай сұраныс болады, білім беру саласы да сол бағытта маман дайындауы керек. Ол үшін мамандықтардың ұлттық классификаторын қайта қарау керек», – дейді сарапшы.