Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:
жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;
мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;
қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.
Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.
Бағдарламаның іске қосылуы шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.