Астанада алғаш рет семсерлесуден әлем кубогы кезеңі өтеді

Халықаралық додаға 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) әлем кубогы кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.