«Көбі қажылық сапарынан оралған»: Сауд Арабиясынан Шымкентке арнаулы рейспен 200-ден астам азамат жеткізілді

Сондай-ақ Израильдің Тель-Авив қаласынан келген азаматтар да бар.

Сауд Арабиясының Жидда қаласынан Шымкентке арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Олардың көбісі қажылық сапарынан оралған. Сондай-ақ Израильдің Тель-Авив қаласынан келген азаматтар да бар.

Әуежайда жолаушыларды туған-туыстары қарсы алды. Өзге өңір тұрғындары таңғы рейстермен ұшып кетсе, жақын аймақтан келгендер үшін арнайы көліктер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды эвакуациялау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 9,5 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды.