Ақтөбеде қоқыс алаңынан 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе қаласында қоқыс алаңынан 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орны тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар орналасқан аумақта болған. Аталған жерде мектеп, медициналық жоғары оқу орны және полиция бөлімшесі де бар.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілерде марқұмның денесінің жағдайына қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Алайда құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме бермеді.