Іс материалдарына сәйкес, қылмыс Ақтөбе қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әскери қызметші ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау») бойынша айыпты деп танылды. Бұл бап бойынша 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотталушы әскери қызметші болғандықтан, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында қаралды. Сот үкімімен ол 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушінің кәмелетке толмағанын ескеріп, сот процесі жабық өтті. Осыған байланысты іс бойынша толық мәліметтер жарияланбайды.
Сонымен қатар сотталған әскери қызметші мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.