Қала тұрғыны: Жаңа Конституцияда азаматтардың құқығын қорғау басты назарда

Сондай-ақ мемлекет дамуының негізгі бағыты ретінде адам капиталына, білімге, ғылым мен инновацияға басымдық берілген.

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау басты назарға алынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сондай-ақ мемлекет дамуының негізгі бағыты ретінде адам капиталына, білімге, ғылым мен инновацияға басымдық берілген.

Блиц-пікірлер:

– Жастарға, білім мен ғылым саласына қатысты көптеген өзгерістер бар. Қазіргі таңда университеттерде кейбір оқу мәселелерін жасанды интеллект арқылы шешу мүмкіндігі де кеңейіп келеді.

– Жаңа Конституцияда әйел мен ер адамның құқығы тең деп көрсетілген. Тұрмыс құрған кезде де әйелдің құқығы заңмен қорғалады.

– Өзгерістер өте көп, олардың барлығы жүйелі әрі орынды енгізілген.

– Сондай-ақ құжатта неке ер мен әйел арасында ғана құрылатыны нақты жазылғаны көңілге қонымды. Бұл ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сақтауға бағытталған маңызды қағида.