Таяу Шығыстағы жағдай: 10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейс тізімі жарияланды

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады: 

KC2264 Маскат-Алматы рейсі 

ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40. 

KC2258 Маскат-Алматы рейсі 

ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40. 

KC2254 Маскат-Алматы рейсі 

ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40. 

Жергілікті уақыт көрсетілген. 

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.