«Рақмет саған, махаббатым»: Баян Алагөзова қымбат сыйлығын көрсетті

Продюсерге күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ең сәнді әрі қымбат брендтердің бірінен бағалы сағат сыйға тартқан.

Продюсер Баян Алагөзова 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде күйеуінен алған сыйлығын көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсерге күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ең сәнді әрі қымбат брендтердің бірінен бағалы сағат сыйға тартқан.

Актриса Instagram желісіндегі сторисінде сыйлығын көрсетіп «Рақмет саған, махаббатым» деп жазды.

Желі қолданушылары арасында швейцариялық брендтің Richard Mille RM 037 үлгісіндегі бұл сағаттың бағасы 90–200 миллион теңге аралығында екені айтылып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.