Қазақстандық спортшы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Жарыс Швецарияда өтті

Швейцарияның Айроло қаласында өткен фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жеке жарыста қазақстандық спортшы Асылхан Асан бірінші орынға ие болды. Ол төрешілердің бағалауында 99,84 балл жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орын украиналық Роман Бондарчукке, үшінші орын канадалық спортшы Эллиот Примоға бұйырды.