«Гүлдей жайнап жүрсін!»: Димаш Құдайбергеннің әжесі әнші Қарақат Әбілдинаның қызына ақ тілегін айтты

Видеода әншінің Димаштың әжесінен қызына сый алып жатқан сәті көрсетілген.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әжесімен бірге түскен бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Видеода әншінің Димаштың әжесінен қызына сый алып жатқан сәті көрсетілген.

Димаштың әжесі әнші Қарақат пен оның қызына ақ тілегін айтып, бата берді.

– «Қарақат, жаным, келе жатқан мерекең құтты болсын! Құдайдан тілеп алған қызың ғой. Құдай оған бақыт, несібе, дәулет, береке берсін! Мына гүлді қызыңа апарып бер. Гүлдей жайнап жүрсін. Өмірлерің ұзақ болсын!», – деді ол.

Ал Қарақат Әбілдина апамызға алғысын білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

–  «Міне, Димашымыздың әжесі Аялама керемет бата беріп жатыр. Бұрын Аяла ән айтып шыққанда, бірінші қатарда отырып, өзінің үлкен гүлін берген еді. Сол кезде қызым: “Маған Димаштың әжесі үлкен гүл берді ғой”, деп қуанып еді. Кішкентай болса да, баланың есінде қалыпты. Қандай керемет! Апау, өміріңіз ұзақ болсын! Мерекеңізбен!» – деді әнші.