«Зымыранның даусын естімей ояну да бақыт екен...»: Қазақстанға орала алмай жатқан Жазира Байырбекова жүректі елжіретті

Әнші «Келші, айым» әнін орындап, елге қайтуды армандап отырғанын жеткізді.

Әнші Жазира Байырбекова БАӘ-ден видео жариялап, оқырмандарының жүрегін елжіретті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші «Келші, айым» әнін орындап, елге қайтуды армандап отырғанын жеткізді.

«Амандығымызды білдіретін БАӘ елінен позитив видео болсын!» – деді ол ән орындау барысында.

Желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір қалдырды. Әншіге қолдау білдіріп, ақ тілегін жолдағандар арасында бірқатар өнер жұлдыздары да бар.

«Алла жар болсын!», «Елдің ақ батасы мен ақ тілегі қабыл болғай!», «Жүрек елжіреді...», «Бір Аллаға тапсырдық!», «Жүректен жүрек қалмады ғой мына әнді тыңдап...»,-деп жазды олар.