Sauda in Digital Nauryz байқауы: сауда саласындағы үздік цифрлық жобалар анықталады

Байқау 2026 жылдың 13-20 наурыз аралығында өтеді. Бастама сауда саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануды дамытуға бағытталған.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі  Sauda in Digital Nauryz  республикалық байқауды бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Байқау 2026 жылдың 13-20 наурыз аралығында өтеді. Бастама сауда саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануды дамытуға бағытталған.

Байқаудың мақсаты – сауда саласына заманауи технологияларды енгізуді ынталандыру, инновациялық бастамаларды қолдау және озық цифрлық тәжірибелерді кеңінен насихаттау. Қатысушылар сауда нысандарын цифрлық форматта креатив безендіру жобаларын, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы іске асырылған шешімдерін ұсына алады.

Байқауға Қазақстан Республикасының қызмет ауқымына қарамастан   барлық сауда субъектілері қатыса алады.

Қатысу үшін жүзеге асырылған цифрлық жоба туралы қысқа бейнеролик дайындап, оны Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшаңызда жариялау қажет. Жарияланымда министрліктің ресми @saudagovkz парақшасын белгілеу және #saudadigitalnauryz хештегін көрсету міндетті.

Байқау қорытындылары 20 наурызда шығарылады. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

Үздік цифрлық безендіру.

Үздік цифрлық құттықтау.

Жасанды интеллектіні үздік қолдану.

Ең креатив цифрлық жоба.

Конкурстық жұмыстар негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша бағаланады. Ең жоғары ұпай саны – 100. Бағалау өлшемдері: жасанды интеллектіні қолдану – 40 ұпайға дейін, креативтілік – 20 ұпайға дейін, ұлттық бірегейлік – 20 ұпайға дейін, аудиторияның тартылу деңгейі – 20 ұпайға дейін, орындау сапасы – 20 ұпайға дейін.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 23 наурызда өтеді.

 Sauda in Digital Nauryz  байқауы – заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің сауда саласын жаңғыртудағы мүмкіндіктерін көрсетуге арналған алаң. Министрлік бизнес өкілдерін байқауға белсенді қатысып, өздерінің үздік цифрлық шешімдерін ұсынуға шақырады.