«Дұға-тілектеріңізге рақмет!»: Нұрлан Қоянбаев ауруханадан шықты

Ол ауруханадан шыққанын айтты.

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ол ауруханадан шыққанын айтты.

"Ассалаумағалейкум! Қалайсыздар? Дұға-тілектеріңізге рақмет! Аман-есен емханадан шықтым! Емхана ұжымына үлкен рақмет! Әзірге көлік жүргізуге болмайды. Қасымда жүргізуші бар", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түскен еді. Ауруханаға жатқызылу себебі әзірге белгісіз.