Қазақстанның Ирандағы елшілігі Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіске байланысты адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, ресми ақпарат көздерін қадағалауға, қажетсіз сапарларды шектеуге және жеке құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүруге шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Елшіліктің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желісі:
Тегеран Елшілігі: +98 21 2256 5933, WhatsApp +98 936 208 4672
Горган Бас консулдығы: +98 912 298 0350, +98 173 252 0443, WhatsApp +7 701 771 34 01
Бендер-Аббас Консулдығы: +98 930 298 57 03 (WhatsApp)
«Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран-Әзербайжан, Иран-Армения, Иран-Түркия және Иран-Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы шешу мақсатында жоғарыда көрсетілген ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.