Қар жауады, тұман түседі: 28 ақпанға ауа райы болжамы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады.

Қазгидромет 28 ақпанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Таразда 28 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Аягөз ауданындағы екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз болатыны болжанады.

Қызылорда облысында көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с. Қызылордада 28 ақпанда көктайғақ болатыны болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 35 градус қатты аяз болады.

Түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Шымкентте 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с. 

Түркістанда 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 28 ақпанда күннің екінші жартысында көктайғақ болып, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде кей уақыттарда қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. 

Алматыда 28 ақпанда түнде кей уақыттарда қар жауып, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні 15 м/с болады. Қонаевта 28 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.