Коалиция мүшелері маңғыстаулық мұнайшылармен кездесті

Жаңа Конституция жобасы – азаматтардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетін маңызды құжат.

Бүгін Жалпыұлттық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев «Қаражанбас» АҚ жұмысшыларына жаңа Конституция жобасын таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz референдум сайтына сілтеме жасап.

Сенат депутаттары енгізілген өзгерістер азаматтардың құқығын және билік тармақтарына қатысты екенін айтып, қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа бастамалар туралы сөз қозғады. 

Спикерлер Конституцияның преамбуласындағы халықтық мүдденің барлық бабында көрініс тапқанын, жаңа Конституцияның азаматтардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетін маңызды құжат екенін түсіндірді. Сонымен қатар адам құқығын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға арналған бағыттары туралы баяндады. 

«Жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың құқығын сақтауға  және әлеуметтік қолдаулар алуына кепілдік береді», – деді Сүйіндік Алдашев.

Коалиция мүшелері мұнайшыларды Конституциялық реформа үшін дауыс беріп, азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырды.