Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингілік турнирде алтын медаль жеңіп алды

Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Албания астанасы Тиранадағы рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (55 кг) алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, әйелдер арасында 50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алды. 

Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанды. 

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен болатын. 

Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.