Танымал түрік сериалының екінші маусымында да негізгі оқиға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдыры төңірегінде өрбиді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдыңғы маусымдағы басты кейіпкерлердің уақытша тапқан тыныштығы жоғалады. Өткеннің құпиялары біртіндеп ашылып, ескі жаулар қайта оралады. Зелиха, Джемо, Фидан, Самет, Балым мен Азизе әр тараптан төнген қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Оларды пайдаланғысы келетін адамдар арасындағы қақтығыс күшейеді. Отбасылық құпиялар ашылып, өткенге деген көзқарас өзгереді. Жаңа кейіпкерлердің пайда болуымен оқиғалар шиеленісе түседі.
Соңғы оқиғадан соң Джевдет пен Джемо аман қала ма? Девран мен Азизе қайта қосыла ма? Ал кішкентай бауырлардың тағдыры не болмақ?
Мейірімге мұқтаж жүректер мен жетімдердің жан айқайы. Жүректі тербейтін телехикая ешкімді бей-жай қалдыра қоймас.
26 ақпаннан бастап күн сайын сағат 21.00-де «ASTANA TV» телеарнасынан «Қорғансыздар» драмасының 2-маусымын тамашалаңыздар!