Атыраудағы қылмыстық іс: күдіктілерді Индонезиядан экстрадициялау аяқталуға жақын

Оның айтуынша, қазақстандық тергеу органдары мен Интерпол бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізген. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарды елге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты іс бойынша күдіктілерді Индонезиядан Қазақстанға қайтару рәсімі аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық тергеу органдары мен Интерпол бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізген. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарды елге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.

«Күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жалғасуда. Атырау облысында арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деді Санжар Әділов.

ІІМ мәліметінше, ұсталғанға дейін қаза тапқан зейнеткерлердің қызы, яғни негізгі күдіктінің жұбайы да хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Қазіргі уақытта оған күдікті мәртебесі беріліп, күйеуімен бірге Қазақстанға экстрадициялау шаралары жүргізілуде.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.