Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды

Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайты хабарлады.

Миланда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізіміне енбей қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайты хабарлады.

Әлем чемпионаты 24-29 наурыз аралығында Чехия астанасы Прагада өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сында 36 спортшы тіркелген. Қазақстан құрамасынан бұл санатта тек Диас Жиренбаевтың есімі көрсетілген.

21 жастағы Михаил Шайдоров Миланда өткен Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында 291,58 ұпай жинап, сенсациялық түрде чемпион атанған еді. Бұл – Қазақстанның 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медалі.

 

Олимпиададан кейін елге оралған спортшыны Мемлекет басшысы марапаттады. Сонымен қатар оған Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер табысталды.