Алматыда Мағира Қожахметованың 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Іс-шараға қаламгерлер, әдебиеттанушылар, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметованың 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әдеби кеште жазушының сан қырлы шығармашылық жолы, ұлттық журналистика мен әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сондай-ақ қаламгердің прозалық және публицистикалық туындыларындағы ұлттық дүниетаным, рухани құндылықтары кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар іс-шара барысында кітапхана қорындағы материалдар негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.