«Сен бізге Америкада керексің!»: Дональд Трамп футболшы Криштиану Роналдуды АҚШ-қа шақырды

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерінде бұған дейін, қараша айында жариялаған футболшымен бірге жасанды интеллект арқылы жасалған бірлескен видеоны қайта жүктеген.

Күні кеше Дональд Трамп өзінің TikTok парақшасында Криштиану Роналдуға жедел түрде Америкаға келуге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Португалия құрамасының көшбасшысына жолдаған видеоүндеуінде Трамп Роналдуды «тарихтағы ең ұлы футболшы» деп атап, оны АҚШ-қа келуге үндеді. Айта кетейік, биыл АҚШ, Мексика және Канада футболдан әлем чемпионатын қабылдайды.

«Сен бізге Америкада керексің!», – деді Трамп.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерінде бұған дейін, қараша айында жариялаған футболшымен бірге жасанды интеллект арқылы жасалған бірлескен видеоны қайта жүктеген.

Ал Трамп әлеуметтік желіге ЖИ-роликтер жүктеп жатқан сәтте, Криштиану Роналду «Әл-Насрды» Сауд Арабиясы чемпионатында бірінші орынға шығарды. Португалиялық шабуылшы «Әл-Хаземге» қарсы матчта дубль жасап, «Әл-Наср» 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.