Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 23-туры аясында өткен матчта екі гол соқты. «Аль-Насрдың» «Аль-Хазмға» қарсы үй ойынында ол мансабындағы 963 және 964-голдарын тіркеді.
Роналду қатарынан үшінші матчта мергендік танытып отыр. Қазір ол 23 турда 20 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде үшінші орында келеді.
Турнир кестесінде «Аль-Наср» «Аль-Хилальді» басып озып, бірінші орынға көтерілді. Келесі кездесу 25 ақпанда сырт алаңда «Аль-Нажмаға» қарсы өтеді.